Орталық кітапханада «Замандастар» клубының қатысуымен «Аңыз адам – Қасым Қайсенов» атты естелік сағаты болып өтті, іс-шара аясында балалар соғыс туралы шағын сахналық қойылым ұсынды. Бұдан кейін кітапханашы Ә.С. Мауленова Украин әскери академиясының мүшесі, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің өмірі мен партизандық қозғалысқа қатысқаны туралы айтты. Әлия Сапарғалиқызы Қ. Қайсеновтің «Жау тылында» және «Жау тылындағы бала» шығармаларына жан-жақты тоқталды. Балалар батыр туралы өлең оқып, күй тартты. Іс-шара қонағы – Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының директоры Шынар Ермағамбетова болды. Ол өз сөзінде халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудің маңыздылығын атап өтті.
В центральной библиотеке прошел памятный час «Легендарный человек – Касым Кайсенов» с участием клуба «Замандастар» В рамках мероприятия дети представили небольшой сценический спектакль о войне. После этого библиотекарь Мауленова А.С. рассказала о жизни члена Украинской военной академии писателя-партизана Касыма Кайсенова и о его участии в партизанском движении. Алия сапаргалиевна подробно остановилась на произведениях К.Кайсенова «В тылу врага» и «Мальчик в тылу врага». Дети прочитали стихотворение о герое, играли кюй. Гостем мероприятия была директор Лисаковского музея Верхнего Притоболья Шынар Ермагамбетова. В своем выступлении она отметила важность изучения истории и культуры своего народа.